Ақтауда магистральдық жылу құбырындағы апат болған жерде құбырларды ауыстыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат орнында «Каспий жылу, су арнасы» МКК мамандары жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргі уде. Шаһар басшысы Ұлықбек Тналиев мәселені өзі бақылауда ұстап отыр.
Қала әкімі ақау табылған құбырды жаңасына ауыстырылып жатқанын алға тартты.
«КЖСА» мекемесінің қызметкерлері ақау шыққан құбырды анықтады. Жаңа құбырды әкелдік, қазір соны ескісінің орнына ауыстырамыз. Сіздердің шыдамдылықтарыңыз үшін үлкен ризашылығымды білдіремін. «КЖСА» мекемесінің қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Себебі, мамандар уақытпен санаспай тұрғындарға тез жылу беру мақсатында қызу жұмыстар жүргізуде. Құбырды ауыстырғаннан кейін жылу беріліп бастайды, - деді қала әкімі.