Ақшұқырда жеке кәсіпкер су тасқыны салдарынан эвакуацияланған тұрғындардың балаларын өзінің «Құлпынай», «Айша» атты балабақшаларына қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазір оларға арнайы топ ашылып, тәрбиешілер жүйелі жұмыс жүргізуді бастады. Жалпы саны 14 бала қамтылды. Алдағы күндері тағы да қосылады.
Сонымен қатар, аталған мекемелер бүлдіршіндерге жаңа киім сыйлап, ойыншықтар әперіп, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап жатыр.