Бейнеу ауданындағы он бес мектепте Атырау облысынан эвакуацияланғандардың орналасуына байланысты балалар қашақтан оқып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бейнеу ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Білім беру ұйымдары онлайн оқытуға 8 сәуірден бастан көшкен. Сабақтар жоспарға сәйкес mektep.edu.kz платформасы арқылы өтіп жатыр.
- Эвакуациялық пунктегі балалар да мектеп бағдарламасынан қалыс қалып жатқан жоқ. Оларға мұғалімдер сабақ жүргізіп, педагог-психологтар түрлі тренинг, танымдық ойындар ұйымдастырып жатыр. Музыкалық аспаптардан да дәріс сабақтарын жүргізіп, балалардың бос уақытын тиімді өткізуді мақсат еткен, - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.