Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен талап қоюшылар М. және К. жауапкер жеке кәсіпке Х-ға заңсыз тұрғызылған құрылыс нысаны деп танып және оны бұзу туралы талабы қанағаттандырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Іс құжаттарымен азамат И-нің шағымы негізінде құзырлы басқармамен құрылысы нысаны бітпеген ғимаратқа жоспардан тыс тексеру тағайындалып, нәтижелері бойынша заң бұзушылықтар анықталып, жеке кәсіпкерге даулы құрылыс нысаны бойынша құрылыс салуға берілген сараптамалық қорытындының кері қайтарылып, күші жойылғаны анықталды», деп жазылған Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, талап қоюшылар тұратын тұрғын үй мен даулы құрылыс нысаны арасындағы санитарлық аймақтың сақталмағаны, соның салдарынан тұрғын үйлердің терезелеріне күн сәулесі түспейтіні анықталды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.