Ақтауда 3 шағынауданда болған төбелесте 2 жігіт 1 жігітті аяусыз соққаға жығып, басынан күрекпен ұрған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Желіде Ақтауда 3 шағынауданда болған төбелестің видеосы тарады. Бейнежазбада 2 жігіт 1 жігітті жерге құлатып, тепкенің астына алғаны байқалады. Артынша олар көлігінен күрек алып келіп, әлгі жігіттің басынан ұрған.
Облыстық полиция департаменті қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
«Осы оқиғадан кейін күдіктілерді ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларының кешені қабылданды. Қазір осы төбелеске қатысқан жігіттердің жеке басы анықталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллақызы.