Жаңаөзендегі Шұғыла ш/а орналасқан ХҚКО ғимаратында жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу New Con жобасына сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңаөзендегі ХҚКО бөлімі жөндеу жүргізілуіне байланысты өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Бөлім басшысының айтуынша, жөндеу жұмыстары қазір ғимараттың екінші қабатында жасалуда.
«Тұрғындарға мүмкіндігіміз келгенше қызмет алу үшін қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»- деді, бөлім басшысы Ескендір Тәжібаев.
Айта кетейік, орталық дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00 бастап, 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қосымша сұрақтар мен талаптар бойынша «1414» қысқа нөміріне хабарласуға болады.