Жаңаөзенде бүгін қала ішіне қатынайтын қоғамдық көлік қатары 12 жаңа автобуспен толықты. Оның тоғызы - «Yutong» маркалы үлкен класты автобустар, қалғаны «Паз» маркалы автобустар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа автобустарды тасымалдаушы компания — «AKTAU BUS» және «Логистика» ЖШС сатып алған.
№1 маршрут «Мамыр ш/а - Бөкен базары»,
№2 маршрут «Теңге ауылы - Бөкен базары»,
№6 маршрут «Сақ базары- Бөкен базары»,
№10 маршрут «Рауан ш/а - Бөкен базары» бағыттарында жолаушыларды тасымалдайды.
Қазіргі таңда қоғамдық көліктерді көбейту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Биыл тамыз айының соңына дейін №5 маршрут «Жұлдыз ш/а 27 көше - Бөкен базары» бағыты бойынша жолаушыларды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру жоспарланды.