Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған азамат үйіне түнгі сағат 3-те келген. Өз-өзімен сөйлесіп, ата-анасы мен жарына жанжал шығарған. Олар оны мәжбүрлі түрде ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол келген жедел жәрдем қызметкерлеріне де бағынбаған, жедел жәрдем қызметкері полиция шақыруға мәжбүр болады. Шақыртуға келген полицейлерге қарсылық көрсеткен.
– Құқық бұзушылықты тоқтату кезінде полицейлер оған қатысты физикалық күш қолданған. Қазір қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп атап өтті Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда полицейлердің белгісіз ер адамды ұрып-соққаны видеоға түсірілген болатын. Видеодан полицейлердің жерде жатқан үсті жалаңаш ер адамды ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Оқиғаны көрші ғимараттың жоғарғы қабатында тұратын тұрғын түсіріп алған. Жігітті ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің әдепсіз сөздер айтқаны естілген.