Маңғыстау облысында тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыру бағытында «Қолжетімді құқықтық көмек» жобасы жүзеге асып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жобаның мақсаты - азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыру бағытында тұрғындарға ақпараттық кеңес беру. Жоба аясында Маңғыстау облысына қарасты 5 аудан мен 2 қалада қаржы маманы мен заңгерлердің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізіледі.
Қоғамдық қабылдауды «Риза-ана» қоғамдық қоры және «Маңғыстау право №1» қоғамдық ұйымының басшысы, құқық қорғау саласының ардагері Гүлназ Қонарбаева, «Азаматтық құқық» жекеменшік ұйымының директоры, Түпқараған ауданының маслихат депутаты, Айнагүл Байбатырова бірлесе өткізді.
Қазіргі таңда Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Баутино, Қызылөзен, Таушық, Сайын-Шапағатов ауылдарын, Мұнайлы ауданынан Маңғыстау ауылы, Баянды, Батыр, Қызылтөбе ауылдарын, Маңғыстау ауданынан Жармыш және Шайыр ауылы, Қарақия ауданынан Құрық ауылы,Мұнайлы ауданынан Басқұдық, Дәулет, Атамекен ауылдарын қамтыды.
Еске сала кетейік, жобаны «Риза-ана» қоғамдық қоры «Маңғыстау облысының ішкі саясат» басқармасының тапсырысымен Азаматтарды қолдау орталығының қолдауымен өткізіліп жатыр.