Жаңаөзен қаласында «Тәжік-Ауған» шекарасындағы қақтығыста қаза болған сарбаздарды еске алуға және білім алушы студенттерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ерлік сағаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараны Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі ұйымдастырды.
Іс -шараға «Сардар» Тәжік—Ауған шекарасындағы бітімгершілік күштері мен әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлерінің одағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша өкілдігінің төрағасы Ардақ Балымбетов пен ардагер Исламбек Сағынов, 5548 әскери бөлімінің офицері
Баликибай Әлішер қатысты.
Ерлік сағатының аясында арнайы шақырылған қонақтар студенттерге әскерге барудың маңыздылығын, әскери-патриоттық сезімнің ерекшеліктерін айтып, Отанға адал қызмет етудің, азаматтық борышты өтеудің парыз екенін атап өтті.
Шараға қатысқан студенттер шақырылған қонақтарға өздерінің сұрақтарын қойып, сұхбат құрды.