Желтоқсан айынан бастап Жаңаөзен тұрғындарынан қоқыс төгуге төленетін тариф бағасы көтерілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Яғни осыған дейін пәтер иесіне ғана келетін төлемақы енді пәтерде тұратын адам басына есептеледі.
Бұл туралы «Тазалық - С» ЖШС директоры Н.Бегайдаров айтты.
«Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы №8/69 «Жаңаөзен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту» туралы шешіміне сәйкес «Тазалық –С» ЖШС 2023 жылдың желтоқсан айының 1-ші жұлдызынан бастап бекітілген тариф бойынша «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал» Көктем Өркен Рауан, Бейбітшілік Жалын (3А) шағынаудандары бір тұрғынға айына 433,46 теңгеден есеп жүргізетіндігін хабарлаймыз» делінген хабарламада.