Бүгін, 13 қаңтар күні Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ, дауылды бұрқасын болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Түнде және таңертең облыстың солтүстік шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік - шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с дауыл күтіледі.
Ал Ақтау қаласында 13 қаңтарда көктайғақ, дауылды бұрқасын болады деген болжам бар.