Маңғыстау облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті жұмыртқа бағасына мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты департаментке сілтеме жасап.
Департамент өкілдері апта сайын әмбебап дүкен желілерінде «ҚР сауда қызметін реттеу туралы» Заңының талаптарына сәйкес жұмыртқа бағасына қатысты 15 %-дан аспайтын шекті сауда үстемесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ үй жанындағы сауда желілері мен дүкендерде ӘМАТ бағасына үнемі мониторинг жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, 9-12 қаңтардағы баға мониторингі бойынша сауда желілерінде «с-1» санатындағы (он) жұмыртқа бағасы:
Алтын фуд - 638 теңге (Қазгер құс)
Анвар - 550 теңге (Коко)
Дана - 609 теңге (Адель кус)
Дина - 667 теңге (Рамазан құс)
Көшбасшы - 630 теңге (Ряба)
Жұмыртқаның негізгі жеткізушілері - Шагирова ЖК, Тұралиева ЖК, "Поток Торг-2010" ЖШС, Анвар, Дина.
Сонымен қатар Департамент АМӨЗ негізгі жеткізушілерінің электрондық шот-фактураларына, оның ішінде С1 санатындағы жұмыртқаларға талдау жүргізеді.
Департаменттің бақылау қызметі барысында 2023 жылы 48 әкімшілік іс қозғалды, 48 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір апта ішінде (3-9 қаңтар аралығында) ӘМАТ бағасының индексі - 99,9%, онда с-1 жұмыртқасының орташа бағасы - 631 теңге.