Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары білім алушы студенттерге «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атаумен қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс-сабақ өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсаты - білім алушы студенттерге ұлттық ойындарымызды насихаттау, біртұтас тәрбие құндылықтарын студентке ұлттық ойындар арқылы сезіндіру.
Жарыс сабақта «Бес тас», «Қол күрес», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» сынды ұлттық ойындардар өтті. -Жарыс-сабағымыз арқылы білім алушы студенттерге ұлттық ойындарының шығу тарихы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқаны туралы мағлұмат беруді мұрат тұттық. Ұлттық ойындарымызды өздері ойнап көріп, әрмен қарай күнделікті әдетке айналдырып, ұлттық ойындардың ғұмырын ұзартуға септігін тигізсе деген сеніммен жасалып отырған шарамыздың бірі осы,— деді басшының тәрбие жөніндегі орынбасары Юсуф Кисбаев.
Ұлттық ойындар жарысының жеңімпаздары:
«Қол күрес жеңімпазы» – Азан Темірлан (1-курс);
«Бес тас жеңімпазы» – Нұрландықұлы Нүржігіт (1-курс);
«Асық атудан жеңімпаз» – Бақыт Думан (3-курс)
«Тоғызқұмалақ жеңімпазы» – Абишева Жібек (1-курс) - Асық атуды бала күнімнен ойнағанды ұнатамын, сол асық ойнаудағы қызығушылығымды қайта оятып, керемет жарыс-сабақ өткізуге және осындай ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған шараларды ұйымдастырып жатырған тәрбие бөліміне алғыс айтамын,-деді 3 курс студенті Бақыт Думан.
Жарыс-сабақ қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Айта кетейік, колледждің тәрбие бөлімі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлтық тәрбиеге тұнып тұрған «Домбыра» үйірмесін, «Ұлттық сезім» челленджін, «Бір бауырсақ – бір мақал», «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атты іс-шараларды іске асырып келеді.