Осыған дейін Ақтау-Ақшұқыр бағытының 14-28 шақырымындағы жол бойында жарық болмаған. Тұрғындар бұл жөнінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Түпқараған ауданының халқымен кездесу кезінде айтқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінде мердігер компания жарық шамдарды орнату жұмысын толық аяқтаған.
Айналма жолдан Ақшұқыр ауылына дейінгі жол бойына лэд жарық шамдары қойылған. Мамандар оның жарық беру күші жоғары екенін және тоқ көзін үнемдейтінін айтады.
- Бүгін қуанышты күн болды. Себебі бұрыннан көтеріп келе жатқан проблемамыз осы еді. Ақшұқырдан шыға берістен айналма жолға дейін жарық жоқ болатын. Енді жол бойы жап-жарық. Қуаныштымыз, - дейді ауыл тұрғындары.