Жаңаөзенде 110-нан астам баланың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға балалар ата-аналарымен бірге қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа жылдық жиын қаланың белсенді азаматы Жаңыл Айтмағанбетова және «Мәңгілік ел Маңғыстау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
Мерекелік кездесуде балалар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, көңіл-күйлерін көтерді. Жиын соңында балаларға демеушілер тарапынан түрлі сыйлықтар мен тәттілер таратылды.