Маңғыстау облысындағы "Бозашы Мұнай" ЖШС компаниясы игеріп жатқан оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы ұңғымада 6 айдан астам уақытқа созылған өрт сөндірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған кен орнындағы өрт биыл 9 маусымда басталған еді. Тілсіз жаудың себебі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жер қойнауын пайдаланушы мен сервистік ұйымдардың жіберген кемшіліктерін деп анықтады. Сарапшылардың пікірінше, апат ең жоғарғы күрделі деңгейге жеткен.
Өртті сөндіріп, түбегейлі жою үшін мамандар апат болған ұңғыманы бұрғылап, кейін оған сөндіру ерітіндісін құйды.
Бұрғылау ерітіндісін құйғаннан кейін ұңғыманы цементтеу жоспарланып отыр. Осыдан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталады. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын өзіне қосымша міндеттемелер алды. Маңғыстау ауданы әкімдігі мен мұнай компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Келісім аясын бірқатар елді мекендердегі әлеуметтік жобаларға 50 миллион теңге бөлінеді.