Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Құрық, Жетібай, Мұнайшы ауылындағы тазалық мекемесінің жұмысшыларын құттықтап, елеулі еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.
- Сіздерді алдағы жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ауылды үнемі таза ұстап, жаздың аптап ыстығында, күннің аязында қас қақпай қызмет етудесіздер. Еңбектің ең қадірлісі – туған жердің топырағына сіңген тер болса, ел үшін ең қадірлі жандар – қарапайым еңбек адамдары деп ойлаймын. Еңбектеріңіз әрқашан да еленіп, елдің алғысына бөлене беріңіздер!,- деді аудан басшысы Сымбат Төретаев.
Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бір топ жұмысшыға алғыс жариялап, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.