Маңғыстаудағы мұнай кенорындарында енді жергілікті жерде шығарылатын техникалар пайдаланылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz “Өзенмұнайгаз” компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“KZ Machinery” ЖШС-і Жаңаөзен қаласында “Өзенмұнайгаз” АҚ-ның тапсырысы бойынша алғаш рет арнайы техниканы құрастыра бастады. Көтергіш агрегаттарға қызмет көрсету агрегаты бір аптадан соң қолданысқа берілмек.
- Техниканың өндіріс ошағына жақын жерде құрастырылуы жұмыс барысын бақылап, ұсыныстарымызды уақытылы беріп отыруымызға ыңғайлы. Бұл техника біздің өндірістің ерекшелігіне сай жасалып жатыр. Жергілікті өнімді қолдау - біздің басты ұстанымымыз. Кәсіпорынның өніміне тапсырыс көлемі ұлғайса, Жаңаөзен тұрғындарына көптеген жұмыс орындары ашылып, жүмыссыздықтың азаюына септігі тимек, - дейді “Өзенмұнайгаз” компаниясының басшылары.