Жаңаөзен қаласындағы халықтық «Алтын шаңырақ» драма ұжымы трагедиялық «Жаза мен Жала» спектаклін сахналады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңаөзен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындары трагедиялық қойылымнан ерекше әсер алған. Тарихи көріністерді, озбырлықтарды, жазықсыз жалаларды тамашалаған көрермендер өз эмоцияларын жасырмаған.
Спектакльге қатысқан қала әкімі Жансейт Қайнарбаев керемет әсер алғанын жеткізіп, театр ұжымына алғысын білдірді.
Айта кетейік, тарихи қойылымды халыққа ұсынған - ҚР мәдениет саласының үздігі, режиссер Ләззат Ерубаева Асылханқызы.