11 қараша күні сағат 23:20 шамасында 102 кезекші пультіне "Chevrolet Captiva" маркалы автокөліктің ұрланғаны туралы қоңырау түсті. Көлік иесі өз көлігімен сауда үйінің жанына тұрақтағандығын хабарлады.
Осы дерек бойынша барлық кезекші патрульдік жасақтар бағытталды.
Ұрланған автокөлікті патрульдік полиция инспекторлары "ізін суытпай" тапты. Көлікті ұрлаған күдікті полицейлер анықтаған кезде көлік жүргізіп келе жатты. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында ол бірден полицияға жеткізілді.
Көлік заңды иесіне қайтарылды.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену). Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.