Жаңаөзен мен Бейнеуде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кендірлі, Қызылсай, Рахат, Теңге ауылының тұрғындары да тазалық акциясына атсалысты. «Жасыл аймақ» апталығы аясында ауылдарда көшет отырғызылып, белгіленген аумақтарда абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Ал Бейнеуде 1 300-ден астам адам сенбілікке қатысқан. 3 техника жұмылдырылып, 4 тонна қоқыс шығарылды. 350 түп ағаш отырғызылды.
Сонымен қатар Бейнеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері Көркембай ата мешіті маңын қоқыстан тазартты. Жабылып қалған бұлақ көзі ашылып, жаңа бөрене орнатылды.