ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментіне офицерлер, сержанттар және сарбаздар лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлерді шақырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- ҚР азаматтығы болуы;
- ҚР Қарулы күштер қатарында мерзімді әскери қызметті өтілімі;
- Жасы 31 жасқа дейін;
- Қанағаттандырарлықтай денсаулығы болуы;
- Орташа арнайы білімі;
Жұмысқа орналасу кезінде жоғары білімі және жүргізуші куәлігі болса тиімді.
Қамтамасыз етіледі:
- тұрақты еңбек жалақысымен қамтамасыз етіледі;
- қызмет атқару кезінде киім-кешек және тамақпен қамтамасыз етіледі;
- екінші деңгейдегі банктердің бағдарламасы арқылы баспана сатып алу және оны жалға алу үшін жанұяның әрбір мүшесіне 58 392 теңге көлемінде ай сайын баспана төлемі беріледі;
- шекті зейнеткерлік 47 жас;
- 1 жылғы қызмет өтімі 1,5 жылға есептелінеді:
- еңбек демалысы 45 тәулік.
Хабарласу телефоны:Ақтау қаласы 1 ш/а 13 ғимарат, тел. 8(7292)-460-564; +77052760161, 87017109993