Түпқараған ауданында сәуір айының басында теңізде жоғалған балықшының бірі әзірге табылмады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Пірімжан мәлімдеді. Бұған дейін іздеу жұмыстары кезінде бір балықшының мәйіті су астынан табылған болатын.
Төтенше жағдайларды жою басқармасының өкілі іздеу жұмыстары әзірге жалғасып жатқанын жеткізді.
Сәуір күні таңертеңгі сағат 07:40 кезінде Форт-Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай Үрдек (Асан) теңіз жағасынан шамамен 25-30 шақырым қашықтыққа бет алған екі адам хабарсыз кеткені туралы құтқару қызметіне хабарланған.
Кейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті балықшылардың 1985 және 1982 жылы туған тұрғындары екенін мәлімдеді. Олардың 2 сәуір күні кешкі сағат 22:30 шамасында үрлемелі қайықпен балық аулауға кеткеннен кейін қайтып оралмағаны белгілі болып отыр.