Қазақстанда қала орталығындағы жаңа пәтердің 1 шаршы метрінің орташа құны 1,5 мың АҚШ долларын құрайды, ал орталықтан тыс жерде баға 1 мың АҚШ долларына дейін төмендейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz El.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Елімізде жаңа тұрғын үй 1,3% - ға қымбаттағанымен, қайталама нарықтағы тұрғын үйдің құны 2,3%-ға төмендеді. Соңғы жылы Ақтөбеде жаңа пәтер бағасы 8,9 пайызға өскен. Одан кейін Қызылорда 7,1%, Ақтау 5,7%, Орал 5,6%, Талдықорған 5%-ға қымбаттаған. Ал Қарағанды, Атырау, Өскемен, Шымкент және Көкшетау сияқты қалаларда жаңа тұрғын үй бағасы төмендеген.
Қайталама нарыққа келетін болсақ, бағаның ең көп өсуі Атырауда байқалады, онда пәтерлердің құны 10,8%-ға өсті. Талдықорған мен Жезқазғанда да баға айтарлықтай қымбаттаған. Түркістанда бағалар өзгеріссіз қалды, ал Қонаев қаласында 15,2%-ға төмендеген, одан кейін Алматы мен Көкшетауда 6,7% - ға және 2,7% - ға төмендеу байқалды.