2018 жылы Теңіз академиясы мен оқу-жаттығу орталығы құрылғаннан бері Ресейдің кеме қатынасы теңіз регистрі (РМРС) атынан теңіз біліктілік қоғамының куәландыруынан өту – басты міндет болды.
Осы сәттен бастап теңіз мамандарын даярлауға байланысты қызметті Қазақстан Республикасының халықаралық және Ұлттық талаптарына сәйкес келтіру мақсатында университетте де, теңіз академиясында да әртүрлі бағыттар бойынша көп еңбекті қажет ететін жұмыс басталды.
Куәландырудан өтудің қорытынды брифингінде РМРС өкілі А. В. Ежов тексерілетін процестерге және куәландыру туралы қорытынды актіде көрсетілген куәландыру барысына жоғары баға берді.
Бұл куәландыру конвенциялық мамандықтар бойынша командалық құрамның тиісті лауазымының кәсіби (жұмыс) дипломын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ конвенциялық мамандықтар бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыруға ықпал етпек.
Ал білім ордасының ендігі мақсаты – халықаралық сертификаттау және Еуропалық DNV GL-де танылу.