Астанада және Қазақстанның тоғыз облысында, соның ішінде Маңғыстауда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
7 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады деп күтілуде, күндіз облыстың батысында -15-20 м/с.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.