Yessenov University-де тарих кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім» атты ғылыми семинар өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Yessenov University баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара ҚР мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Содан кейін Білім беру факультетінің деканы Райхан Озғамбаева және Тарих кафедрасының меңгерушісі, профессор Киікбай Жаулин құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ «Республика күні. Жаңғыру» атты көркем деректі фильм көрсетілді.
Тарих кафедрасының доценті Аягөз Нұрманова «Қазақстанның саяси құқықтық негіздері», тарих ғылымдарының кандидаты Сәлім Китуглов «Жаңғыруға ұмтылған жаңа Қазақстан», аға оқытушы Гүлнар Өтесова «Егемендік декларация тәуелсіздік бастауы», тарих мамандығының 3-курс студенті Аида Сүйіндік «Ұлттық жаңғыру кезіндегі Қазақстан мәдениеті» тақырыптарында баяндама оқыды.
Шара соңында студенттер өнер көрсетіп, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
#republicday