Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қыс мезгілінде балық аулау кезінде судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізеді. Ақтау қаласында, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында, Қарақия ауданы Құрық ауылында балықшылар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Құтқарушылар балықшыларға нұсқау берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарын қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелері талаптарын сақтауға шақырады.
Өмірге қауіп төнген жағдайда бірыңғай жедел жәрдем нөмірі – «112» нөміріне хабарласу қажет.