Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Маңғыстау облысының халқымен кездесті. Кездесу онлайн режимде өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде вице-министр жұртшылықты Министрліктің 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қызметінің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, Министрліктің жұмыс жоспарлары туралы айтып, азаматтардың өзекті сұрақтарына жауап берді
«Өңірдегі жағдай тұрақты. Есепті кезеңде қайтыс болғандар саны 10% - ға азайды, ТЖ саны, атап айтқанда 3,4% - ға өсті. Жалпы төтенше жағдай орнына 2 600-ға жуық шығу жүзеге асырылды, 77 адам құтқарылып, 777 адам эвакуацияланды», - деп өз сөзінде Мереке Пішембаев атап өтті.
Жылыту маусымы басталғанға дейін халықтың әлеуметтік осал топтарының 72 508 тұрғын үйі, ескі үйлер есепке алынды.
Халықтың әлеуметтік осал топтары үйлерінің профилактикалық жұмысы барысында 5 939 үй қамтылды, 27 мыңнан астам азаматқа үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында үйлерде 966 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды, үй иелеріне тиісінше түсіндірулер беріліп, жадынамалар таратылды. 15 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында өңірде «Жатақхана» акциясы өтті. Акция барысында жатақхана тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Маңғыстау облысының аумағындағы қалалар мен елді мекендер сұйытылған газ отынымен толық жабдықталған. Келеңсіз оқиғалар зардаптарының дәрежесін төмендету мақсатында тұрғын үйлерде газ талдағыштарды орнату, жану (түтін) өнімдерінің және табиғи газдың қауіпті шоғырлануын болдырмау бойынша жұмыстарды жүргізу жалғасуда. 9 айда облыс аумағындағы тұрғын үйлер мен пәтерлерде барлығы 2 926 газ талдағыш орнатылды.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысын өртке қарсы қорғауды 13 өрт сөндіру бөлімшесі және көшпелі техникасы бар 6 өрт сөндіру бекеті жүзеге асырады. 2025 жылға дейін Ақтау қалаларында екі өрт сөндіру депосын салу көзделген, ол шамамен 100 мың адамды, жалпы халық саны 203 мың адамды өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.
Кезесу барысында вице-министр азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, азаматтарды онлайн жеке қабылдады.