© Ақтау қаласының 17 шағын ауданының цифрланған бөлігі
Облыс орталығының құрылыс салынған аумағында түгендеу жолымен инженерлік желілер мен коммуникацияларды цифрлау қарқынды жүргізілуде.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен құрылыс салынған аумақтың 5,1 мың га (24%) цифрландырылды. Бұл «Самал-1», «Приморский-1», 1,1а,1б, 2, 3,3а,3б, 4,4а, 5,5а, 6,6а, 7,7а, 8,8а, 9, 10, 11,11а, 12,12а, 13, 14, 15, 16, 17, 18,18а, 19,19а, 20,20а бөлігі, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29,29а, 30, 31,31а,31б, 32,32а,32б,32в, 33, 34,34а, 35,«Приморский» тұрғын алабының бөлігі, 1, 2, 3, 4, 5, 8-өнеркәсіптік аймақтар, «Самал», «Көктем», «Рекон» тұрғын алаптары, Ақтау порты.
Түгендеу инженерлік коммуникациялар объектілерінің (сумен жабдықтау, кәріз, су бұру, электрмен жабдықтау, байланыс, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, көшені жарықтандыру, жол жүрісін ұйымдастыру) нақты кеңістіктік жағдайын және негізгі техникалық сипаттамаларын айқындайды. Түгендеу жұмыстарын жеделдету және кеңістіктік деректерді жедел түрде алу мақсатында қашықтықтан зондтау материалдары пайдаланылады: пилотсыз ұшу аппараттарынан аэрофототүсірілім. Жұмыстар кешенінің нәтижелері бойынша елді мекендердің цифрлық картасы қалыптастырылады.
Бұл процесс бұрынғыдан да өзекті, себебі қағаз тасымалдағыштағы деректер инженерлік желілердің нақты орналасқан жеріне және жағдайына үнемісәйкес келе бермейді. Инженерлік желілерде кідірістер, авариялар туындаған кезде зақымдарды іздеу қиындайды, тұрғындар уақытша сусыз, электрсіз қалуға мәжбүр.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның Маңғыстаудағы филиалының басшысы Е.С. Даиров атап өткендей – Елді мекендердің қала құрылысы кадастрының цифрлық картасын жасау желідегі жүктемелерді бақылауға, жобалау мен құрылыс үшін қуатты уақтылы арттыруға, жөндеуді жоспарлауға және бастапқы материалдарды беру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы Ақтау қаласының 1 336 га құрылыс салынған аумағында түгендеу жұмыстары жүргізілуде: «Теплый пляж» демалыс орны, «Приморский» тұрғын алабының бөлігі, Өмірзақ ауылы.
Түгендеу нәтижелері бойынша цифрлық деректер коммуналдық қызметтермен, объектілердің теңгерім ұстаушыларымен келісіледі және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесіне – инфрақұрылымдық объектілерді есепке алудың және елді мекендердің құрылыс мониторингінің салалық қорына енгізіледі.
Облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармаларының, коммуналдық қызметтердің инфрақұрылымдық деректерге кедергісіз қолжеткізуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталы (қала құрылысы кадастры жүйесінің ашық контуры)іске қосылды.
Қорда «қызыл сызықтар» деп аталатын жоспарланған құрылыстың функционалдық аймақтары, желілері, шекаралары, жеке тұрған ғимараттар, әлеуметтік объектілерге дейін көрсетілген, бұл қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу үшін аумақтың дамуының объективті көрінісін көрсетеді.
Ағымдағы кезеңде қала құрылысы кадастрының республикалық қоры елдің ірі елді мекендерінің (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, облыс және аудан орталықтарының)құрылыс салынған аумағының цифрлық деректерінің 64,7% - ын (333 мың га) қамтиды.
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде ірі елді мекендерді (аудан орталықтары деңгейіне дейін) толық цифрлау 2024 жылға дейін жоспарланып отыр.