Еліміздің туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі «Халық арена» және «Маңғыстау арена» спорт кешендерін аралады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Алдымен, вице-министр «Халық арена» спорт кешенінің жұмысымен танысты. Ондағы жұмыстармен танысып, спортшылардың дайындықтарына куә болды.
Бұдан кейін вице-министр «Маңғыстау арена» спорт кешеніне барды. Аталған спорт кешеннің спорттық жабдықтары, жұмыс жасап жатқан үйірмелердің қазіргі жай-жапсары, кешеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, вице-министр мекеме басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.
Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың Маңғыстаудағы іссапары Жаңаөзендегі «Кендірлі» жағасынан салынатын қалашықтың бас жоспарымен танысудан басталды. Содан соң, жаңадан ашылғалы жатқан «Теңге» ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен аңғар типтес мұз айдынымен танысты. Одан бөлек, Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру кешеніне барып, түйіткілді сұрақтардың шешу жолдарын талқылады. Ал, бүгін Ақтау қаласындағы Достық үйінде туристік бизнес өкілдері, спорт мектептерінің басшылары, әдіскерлер және оқу ісі және тәрбие жөніндегі орынбасарларымен кездесу өткізді.