Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында орналасқан “ТЕТИС” ЖШС мекемесі көршілес өңірлерде болған жағдайға байланысты Құлсары қаласына уақытша қоныстанған жанұяларға азық-түлік және керекті құрал-жабдықтармен көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Осындай кезде барынша қолдау білдіру – біздің азаматық парымыз деп санаймыз. Мүмкіндігінше көмек көрсетеміз, - дейді тұрғындар.
Одан бөлек, М. Горький атындағы мектеп-лицейі ұжымы Бейнеу ауданына бірінші эвакуцияланған Ж. Қалдығараев атындағы мектеп ұжымында қоныстанған құлсарылықтарға қаржылай және заттай қолдауларын жөнелтті.
- Мектеп ұжымы ұжым ретінде бұл көмекті ұсынып, аз болса да өз көмегін ұсынғысы келеді. Одан бөлек, ұжымдағы әр отбасы өз отбасылары атынан да көмек қолдарын созуда. Біз осындай қиын кезеңде қолдамасақ елдігімізге сын,- дейді көмекті ұйымдастырушылар.