Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың төрағалығымен су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды эвакуациялауға көмектесу мақсатында қонақ үй иелерімен кездесу өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиында аудан әкімі қазіргі таңда көрші облыстағы жағдайға байланысты аудандағы эвакуациялау пункттерінен бөлек қонақ үйлерге де тұрғындарды қабылдау мәселесін алға тартты.
Қонақ үй иелері қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастырып, барынша көмектесетінін жеткізді.
Қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар негізінен Ақшұқыр, Сайын Шапағатов елді мекендерінде эвакуациялануда.
Кеше барлығы 132 тұрғын келіп, "Аура" демалыс орны мен "Сүйінғара" спорт кешеніне және туыстарының үйіне орналасты.
Түпқараған ауданы бойынша 24/7 CALL-орталық жұмыс істейді. +7 702 6828137 Советхан Болжабаев.