Түпқараған аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1 бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық соттың баспасөзіне сілтеме жасап.
2024 жылы 26 ақпанда азамат Б. бұрынғы әйелі И-мен сөзге келіспей қалып, ашу үстінде оны ұрып жеңіл түрдегі дене жарақатын салған.
«Сот қаулысымен Б-ға ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1 бөлігімен кінәлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.