Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылында ұйымдастырылған Наурыз мерекесінде ұлттық ойындардан жарыс өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік шараға қатысқандар қазақ күресі, садақ ату, қол күресі, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және қой көтеруден бақ сынады. Садақ ату жарысына қатысқандардың бірі Мағира Шүйішбекова. Ол садақ атумен 2 жылдан бері айналысып келеді.
-Садақ атуға қатысқаныма екі жыл болды. Осы жылдар ішінде үлкен тәжірибе жинадым. Садақ өнері төзімділікті талап етеді. Денсаулыққа да пайдасы зор, - деді Мағира Шүйішбекова.
Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Атап айтқанда:
Жастар арасында қазақ күресі - 65 кг салмақ дәрежесінде
І орын - Диас Құралов
ІІ орын - Ербол Елеусізов
ІІІ орын - Құрманғазы Бимұрза
Ересектер арасында қазақ күресі +65 кг салмақ дәрежесінде
І орын - Жеңіс Айтқұл
ІІ орын - Ислам Мусаев
ІІІ орын - Рауан Али
Садақ ату
І орын - «ARлан» тобы
ІІ орын - «ARстан» тобы
ІІІ орын - «ARcher» тобы
Гір көтеру
І орын - Саламат Ерпанов
ІІ орын - Асланбек Қонақбаев
ІІІ орын - Бақытжан Малшыбаев
Қол күресі
І орын - Диас Муса
ІІ орын - Саламат Ерпанов
ІІІ орын - Бақытжан Малшыбаев
Ләңгі
І орын - Нұрболат Мамед
ІІ орын - Хамит Исабай
ІІІ орын - Аманғали Тыңдырғанов
Ал қой көтеру жарысында Самат Сапарбай жеңімпаз атанды.