Ақтау қаласындағы 32-шағынаудан тұрғыны жаңбырлы күні жабық аялдама қажетін екенін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы әкімінің телеграм арнасында 32-шағынаудан, 21-үйдің тұрғыны жаңбырлы күні жабық аялдама керегін айтып, әкімдіктегілерге сауал тастады.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мамандарының сөзінше, қала бойынша жабдықталмаған аялдамаларды жабдықтау бойынша тізім жасалған. Аталған тізімге сәйкес аялдама орындары жеке кәсіпкерлерге коммерциялық нысан сала отырып, аялдаманы жабдықтау тапсырылады.
- Сонымен қатар, коммерциялық нысан салуға аялдама орын алған жеке кәсіпкерлер қосымша бір әлеуметтік аялдама салатын болады. Сондай-ақ, биыл бюджет қаражаты есебінен 20 аялдама салу үшін қаражат бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемені анықтау үшін конкурстық рәсімдерінің құжаттары дайындалып жатыр, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мамандары.