Бүгін аудан әкімі Рахат Елтизаров тыл ардагері Боқан Таңғұловты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ардақты ардагерге аудан басшысы "Түпқараған ауданына 30 жыл" мерекелік төсбелгісімен марапаттап, Жаңа жылдық құттықтау хат пен сый-сияпат табыстады.
- Сізді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өткен жыл еліміз үшін санамызға сілкініс, өмірімізге өзгеріс әкелген, ерен еңбегімізді жемісті етіп, еселі табыстарға жетелеген елеулі жыл болды. Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген даналы сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күтетін халықпыз. Сізге және отбасыңызға амандық, денсаулық, бақ-береке тілеймі, - делінген аудан әкімінің құттықтауында.
Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Дәулеткерей Меңдіханов құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Ардагер өз кезегінде ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Боқан Таңғұлов – Маңғыстау облысының, Түпқараған ауданының Құрметті азаматы. Еліміздің ардагерлер қозғалысына қосқан үлесі үшін «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің «Құрмет» кітабына енгізілген. Мемлекеттік органдардың және Республикалық ардагерлер ұйымының басқа да жоғары дәрежелі марапаттарын алған.