ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, кәсіпкерден Түпқараған ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларының әрекетіне шағым түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өтініш беруші «Құрылыс және реконструкциялау жобаларын (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) әзірлеу кезінде шикізатпен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметін алудан бас тартумен келіспеген.
«Шағымда көрсетілген деректер расталды. Атап айтқанда, мемлекеттік органның актісі қабылданған кезде қанағаттандырудан бас тартудың алдындағы негіздер бойынша өз ұстанымын білдіру бойынша тыңдаулар мүлдем өткізілмеген. Осыған орай, департамент Түпқараған ауданы әкімінің атына ұсыныс хат жолдап, нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші қаралып, қызмет көрсету нәтижесі шығарылды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Заң бұзушылық фактілері үшін лауазымды тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабының 2-бөлігімен «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Айыппұл көлемі 51 750 теңгені құрады.