«АЭжБУ» МКК жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұған дейін электр тоғы 4 шағын ауданда өшірілген еді, енді 5 шағын аудан тұрғындары электр қуатынан ажыратылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Жоспарлы профилактикалық жұмыстарға сыртқы тексеру және анықталған ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Ол - оқшаулағыштар мен резервуарларды тексеру, консерватордан қалдықтарды тазалау жұмыстары. Тұрғындардан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады “АЭжБУ” мекемесінің өкілдері.