
Ақтаудағы теңіз жағасында Амал мерекесіне орай жасөспірімдер арасында шахмат жарысы және ұлттық ойындар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шахмат жарысы қала әкімдігінің қолдауымен және «Біз спорт үшін есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Шахматтан сайысқа 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа 1-разрядтағы, яғни облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары қатысты. Жиынға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали қатысып, қатысушыларды Амал мерекесімен құттықтады.
-Амал мерекесі құтты болсын! Осы мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған спорттық шаралардың мақсаты - жасөспірімдерді спортқа баулу, қызығушылығын арттыру. Осындай жарыстарды алдағы уақытта да ұйымдастыру жоспарланып отыр. Баршаңызға жыл құтты болсын!, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.
Сондай-ақ, қатысушылар қол күресі, мас-ристлинг(таяқ тарту), гір тасын көтеруден бақ сынады. Сайыс қорытындысына сәйкес, қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:
Шахмат
І орын - Азат Хамидулла
ІІ орын - Дінмұхаммед Азамат
ІІІ орын - Руслан Алексеев
Гір тасын көтеру 70 кг
І орын - Аллаберген Есет
ІІ орын - Қуанбек Есқазиев
ІІІ орын - Мирас Өтегенов
Гір тасын көтеру +70 кг
І орын - Мәлік Ахметов
ІІ орын - Бақытжан Советханов
ІІІ орын - Дастан Чаудырбаев
Мас-рестлинг 70 кг
І орын - Бекжан Талғатұлы
ІІ орын - Дастан Чаудырбаев
ІІІ орын - Раян Романов
Мас-рестлинг +70 кг
І орын - Дос Сарсенбаев
ІІ орын - Мәлік Ахметов
ІІІ орын - Айжас Сәдуақас
Қол күресі 70 кг
І орын - Раян Романов
ІІ орын - Даулет Абдулла
ІІІ орын - Олжас Басшыұлы
Қол күресі +70 кг
І орын - Ыбырай Шолпанов
ІІ орын - Дос Сарсенбаев
ІІІ орын - Айжас Сәдуақас