Ақтауда кішкентай баласымен жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқан қала тұрғыны палатада тышқандар жүгіріп жүргеніне шағымданған болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасы модульдік стационарға көшкеннен кейін балалар ауруханасының уақытша инфекциялық бөлімшесінің орналасқан жерінде тышқандар пайда болғанын хабарлады.
"Медициналық мекемеде дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыру туралы шарт бар. Жасалған қызмет көрсету шарты шеңберінде жоғарыда аталған жұмыстар орындалатын болады", - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.