Ақтауда көктайғаққа байланысты ішкі автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарына 5 тонна құм-тұз себілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарды «Ақжол+К» ЖШС қызметкерлері жүргізді. Сонымен қатар қала аумағындағы ғимараттардың алдына да құм-тұз себілді. Барлығы 3 техника мен 150-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.
«Ақжол+К» ЖШС қызметкерлері қаланың барлық шағынаудандарында тазалау және құм-тұз себу жұмыстарын жүргізуде:
-2 ш/а периметр бойынша;
-14 ш/а, Астана с/о маңындағы жол
-14 ш/а, Нейрон медициналық орталығының маңы;
-28А ш/а периметр бойынша;
-17 ш/а периметр бойынша, Нұр супермаркеті маңындағы аялдама;
-15 ш/а, 54, 62-үйдің маңы;
-33 ш/а ішкі жолдары;
-20 ш/а ішкі жолдары;
-31Б ш/а периметрі бойынша;
-19А периметрі бойынша.