Қалада магистральдық жылу желілерінен шыққан ақау қалыпқа келтіріліп, жылу берілетіні хабарланған еді. Дегенмен тұрғындар әлі де жылусыз отырғанына шағымданды. Бұған қатысты "КЖСА" МКК өкілдері жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"КЖСА" МКК мамандарының айтуынша, қазір магистральдық жылу желілері толтырылуда.
- Магистральдық жылу желілерін толтырып жатырмыз, гидравликалық соққының алдын алу үшін магистральдық құбыр біртіндеп толтырылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауды өтінеміз,- делінген "КЖСА" МКК хабарламасында.