Жаңаөзен қалалық перзентханасының жылу жүйесі қалыпқа келтірілді. 10 желтоқсанда қала тұрғыны перзентхана терезесінен жел өтіп тұрғанын, палата іші салқын екенін айтқан еді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 05.15-те «МРЭК» ЖШС қызмет көрсететін қосалқы станцияның апаттық ажыратылуы орын алды. Осыған байланысты Жаңаөзен қалалық ауруханасының, «Перзентхана» бөлімінде ақау болды. Қаланың коммуналдық қызметтері, сондай-ақ МРЭК авариялық қызметі электр генераторын қосты, сағат 10.30-ға электр қуаты қосылды. Перзентхананың қосалқы станциясына, жылу және энергия желілеріне жөндеу жұмысы жүргізілді. Қазіргі уақытта перзентханада жылу, су, электр энергиясы қалыпты,-деді Жаңаөзен қалалық ауруханасының директоры Марат Қайырғалиұлы.
Содан соң перзентханадағы аналар жылу, жарық, су келіп тұрғанын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде перзентхананың жылу температурасы 22-25 градусты көрсетіп тұр. Перзентхана штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.