Ақтауда 35 шағынаудан тұрғындары осыған дейін абаттандыру мәселесі мен инженерлік желілерге қатысты көп шағым білдірген еді. Қазіргі таңда аталған ықшамауданда ішкі автомобиль жолы, жаяу жүргіншілер жолы мен су, кәріз және жылу желілерінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда аталған шағынауданда автомобиль жолын төсеу жұмыстарының 70%-ы жасалып, инженерлік желілерді жүргізу бойынша жұмыстың 80%-ы орындалды.
-Мердігер мекеме 1380 метр асфальт және 2460 метр жаяу жүргіншілер жолын салуы керек. Бүгінгі таңда асфальт салу жұмыстарының 70%-ы жасалды. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасады. Сонымен қатар осы 35 шағынауданда арнайы су және кәріз құбырын(канализация) салу жоспарланған. Қазір мердігер мекеме жұмыс істеп жатыр. Міндетті түрде құрылысты жалғастырады, - деді қала әкімі.