ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Жаңа баға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген бағалар келесідей:
Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, *Маңғыстау облыстары – 54 теңге;*
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарына – 76 теңге;
Жамбыл облысына – 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарына – 64 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.
Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.