Жаңаөзен қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерге ғимарат электр желісін жүргізу үшін жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне сілтеме жасап.
Кәсіпкер бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне шағымданған.
«Өзенэнергосервис» МКК кәсіпкердің өтініміне келіспегендіктен Жаңаөзен қаласының әкімдігі жер учаскесін беруден бас тартқан. Өйткені кәсіпкер бұрын техникалық шартсыз электр желілеріне қосылған. Алайда, кәсіпкердің айтуынша сатып алу кезінде аталған ғимарат МКК электр желілеріне қосулы болған.
Департаменттің ұсыныс хаты негізінде «Өзенэнергосервис» МКК кәсіпкердің ғимаратын электр желісіне қосылу үшін техникалық шарт ұсынған.