Ақтаудағы білім беру ұйымдары су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларын онлайн оқытумен қамтуға дайын, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары су тасқынынан зардап шеккен отбасылардағы мектеп жасындағы білім алушыларды мектептерге қабылдап, онлайн оқытумен қамтуға дайын екендігін мәлімдеп отыр.
Қалаға келіп орналасқан балаларыңыз туралы ақпаратпен (аты-жөні, сыныбы, оқу тілі, орналасқан мекен-жайы, байланыс тел.) тізімін жасақтауға жауапты мамандарға хабарласуларыңызға болады:
Күлпан Мирова: +77774723339
Дәмеш Садықова: +77078317785