Маңғыстау облысы көрші өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккендерге қолдан келгенше көмек қолын созып жатыр. Ақтау технологиялық сервис колледжінің жатақханасынан 500 жатын орны дайындалды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
- Біз 2 адамдық 240 бөлмеге 500 жатын орнын дайындап қойдық. Жатақханада барлық жағдай қарастырылған: жуынатын бөлме, таза төсек. Сонымен қатар қалалық кәсіпкерлік бөлімімен тамақ мәселесін де келісіп қойдық. Ыстық тамақтар сағат 12: 40-та әкелінеді. Ауыз су да уақытылы жеткізіледі. Қазір жатақханамызға алғашқы 18 адамды қабылдадық. Оның 8-і бала " - деді Ақтау технологиялық сервис колледжінің директоры Қадірбек Абдуллаев.